Қазақстан мен Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерінің тауар айналымы 3,8 млрд теңгеге жетті

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің кезекті 19-өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейне/конферец/байланыс режимінде қатысты. Форум барысында бес жүзден астам сарапшы мен бизнес өкілдері ауыл шараушылығына қатысты бірқатар мәселені талқылады.

Өңіраралық ынтымақтыстық форумының биыл Қостанайда өткізілуі тегін емес. Еліміздегі ірі аграрлы аймақ Ресейдің үш облысымен шектеседі. Сондықтан ауыл шаруашылығына қатысты ортақ мәселе аз емес. Соның бірі өнім өндірісіне климаттың әсері.

Кұмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

- Қостанай облысындағы соңғы 5 жылда екі жыл құрғақшылық болды, биыл жауын көп жауып, қаншама қиындықтарды көріп жатқанымызды өздеріңіз білесіздер. Сондықтан ғалымдарды жинап, тәжірибелі азаматтарды жинап, осы мәселені біз әр түрлі алаңдарда талқылау керекпіз.

Қостанайдағы кодитер фабрикасы үшін көрші елмен сауда-саттықты кеңейтудің маңызы зор. Кәсіпорын тәттілерінің 40 процентін экспортқа шығарады. Басым бөлігін Ресейге жібереді.

Тимур Садықов, "Баян сұлу" АҚ Басқарма төрағасы

- Біздің өнімге қашанда сұранысқа бар. Басты артықшылығымыз -экологиялық таза, жоғары сапа, қолжетімді баға. Бүгінде біздің сауда таңбамызды Ресейліктер де танып, білді. Енді экспортты жаңа сапалық денгейге көтерсек дейміз.

Көрші елдің бизнес өкілдері де өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Мысалы, Тамбов облысынан келген сарапшы, арадағы логистиканы жетілдірсек деген пікір білдірді. Ол өңірден Қазақстанға май, қант өнімдері экспортталады.

Ольга Камнева, РФ Тамбов облысының экономикалық және инвестициялық саясат министрінің орынбасары:

- Соңғы тоғыз айдың ішінде Тамбов облысынан Қазақстан Республикасының аумағына 13 миллион доллардың тауары экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.

Қазақстан мен Ресей арасындағы ауылшаруашылық өнімдерінің тауар айналымы өткен жыл ішінде 23 процентке артып, жалпы сомасы үш миллиард сегзі жүз миллион долларға жетті.

Мағауия Қалиев , Сергей Трахтенберг