Қазақстан мен Ресей әлемдік азық-түлік қауіпсіздігінде негізгі роль атқарады
Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шараушылығы өнімдерінің тауар айналымы былтыр 3,8 миллиард долларға жетті.
Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 23 процентке көп. Сауда-саттықта үдемелі өсу байқалғанымен оның құрылымын жақсарту, тауар түрін кеңейту бағытында шешімін күткен мәселелер жоқ емес. Қостанайда өткен өңіраралық форумда қос елдің бизнес, билік өкілдері салаға қатысты осындай ортақ мәселелерді талқылады.
Форм аясында өткен жекелеген панелдік сессияларда негізінен үш мәселе талқыға салынды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық технологияны дамыту және жастарды ауылшаруашылығына тарту. Осындай тақырыптардың таңдалуы тегін емес. Біріншіден Қазақстан мен Ресей астық өндірісі бойынша көшбасшы елдердің қатарында. Сондықтан бұл саланы жетілдіру өңірлік денгейде ғана емес әлемдік маңызға ие.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Не үшін әлемде деп айтамыз, себебі Қазақстан да, Ресей де әлемдегі ондыққа кіретін астық тасымалдаушы елге жатады, астық өндіруші елге жатады. Сонымен қатар бүкіл егістіктің, егістік жердің он пайызға жуығы осы екі мемлекетке келіп отыр. Сол себепті де әлемдік азық-түлігінің негізгі роль ойнайтын екі мемлекет десек те болады.
Екі елдің шекаралас аймақтары арасында сауда-саттықты әлі де жандандырудың мүмкіндігі кең. Қазір Ресейлік компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі. Оған бір дәлел, соңғы жылдарда елімізге өз өндірісімен 42 шетелдік компания келсе, соның жартысына жуығы нақты айтсақ 19-ы ресейлік. Алайда арадағы алыс-беріске тежеу болған шектеулер де жоқ емес.
Анна Усачева, логистикалық компания басшысы /Мәскеу/:
- Әлбетте біз екі жақты тиімді экспорт-импорт әлеуетін арттырғымыз келеді. Ол үшін де кедендік заңдылыққа, сертификаттау тәртібіне бір өзгерістер енгізіп, іскерлік байланысқа жеңілдіктер жасалса дейміз. Бүгінгі форумнан кейін ондай түйткілдер оң шешіледі деген ойдамын.
Форум алаңында талқыға түскен тағы бір мәселе, агроөнеркәсіп кешенінде жас мамандардың жетіспейтіндігі. Астық, мал шаруашылығында селекциямен айналысатын ғалымдардың орташа жасы жетпіске тақаған. Сондықтан салаға жастарды тарту үшін жаңа трендттерді қалыптастыру керек-дейді форумға қатысшылар.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров