Қостанайдағы форумда Қазақстан мен Ресей бірқатар келісімге қол қойылды
Қостанайда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар келісімге қол қойылды.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық басқа да салаларды қамтитын маңызды құжаттар қабылданды. «Ауыл шаруашылығы- мықты экономиканың негізі» деген тақырыпта өткен өңіраралық форум екі жақты тиімді жаңа жобаларға жол ашты.
Форум аясында сөз болған өзекті мәселенің бірі климаттың өзгеруі. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері, ауаның орташа температурасы 3 градусқа көтеріліп, жауын-шашын режимі бұзылған. Ол тиісінше ауылшаруашылық құрылымдарына кесірін тигізіп отыр.
Кұмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Қостанай облысындағы соңғы 5 жылда екі жыл құрғақшылық болды, биыл жауын көп жауып, қаншама қиындықтарды көріп жатқанымызды өздеріңіз білесіздер. Сондықтан ғалымдарды жинап, тәжірибелі азаматтарды жинап, осы мәселені біз әр түрлі алаңдарда талқылау керекпіз.
Климаттың жылынуы су ресурстарының азаюына алып келді. Осы тұста трансшекаралық өзен, көлдерді тиімді пайдалану, білесіп қорғау зор маңызға ие.
Алексей Оверчук, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары:
- Климаттың өзгеруіне байланысты Орталдық Азия аймақтарын сумен қамтамасыз ету күрделене түсуі мүмкін. Ресей мене Қазақстан трансшекаралық өзендердің проблемасына ортақ мүдде тұрғысынан қарап,оны бірлесіп реттеуге әрекет етеді.
Форум аясында бірнеше келісімге қол қойылды. Еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа өндіріс орындары салынады. Мысалы Қостанай облысында сүтті өнеркәсіптік салқындатқыш жабдықтар шығару жобасы іске асырылмақ.
Виктор Томенко, Алтай өңірінің губернаторы:
- Қазақстаннан Алтай өңіріне жеміс-жидек, консервіленген тағамдар, балық, кондитерлік өнімдер басқа азық-түлік түрлері үлкен көлемде жеткізіледі. Жалпы агроөеркәсіп кешені саласындағы тауар айналым жылдан-жылға артып келеді.
Форум қорытындысында жалпы саны 9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Оның жалпы сомасы 80 миллион доллардан астам.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг