Астанада «Аллюр» компаниясының жаңа дилерлік орталығы ашылды

Бұл бас қалада бой көтерген екінші қызмет көрсету орталығы.

Астана-Қарағанды тас жолында орналасқан жаңа ғимараттың ашылуына орай тұтынушылар арасында жаңа көлік ұтысқа қойылды.

Allur компаниясы ойнатқан су жаңа темір тұлпар астаналық Алмас Әубәкіровке бұйырды. Бағы жанып Шевроле Оникс көлігін ұтып алған азамат ұтыс күні орталыққа келе алмады. Десе де, бұл қуанышты ұйымдастырушылар бейнеқоңырау арқылы дереу жеткізді. Ойда жоқта жаңа көлік ұтып алған Алмастың қуанышында шек жоқ. 

Арайлым Дүйсенбекқызы, қала тұрғыны:

- Мен екі ай бұрын осы жерден Шевролет машинасын сатып алған болатынмын. Қазір ұтысқа қатысуға келгенмін. Бірақ басқа адам ұтты. Мен Ол кісі үшін қуаныштымын. Бәрі әділ, күшті өтті.

Ұтыс ойынына Астанадағы Allur дилерлік орталығынан Chevrolet көлігін сатып алған 700-ге жуық клиент қатысты. Сондықтан болар мұнда келгендердің қарасы қалың. Заманауи әрі әдемі безендірілген орталық күніне 70-тен астам адамға қызмет көрсетеді.

Азамат Сүленов, Allur Chevrolet дилерлік орталығының директоры:

- Аллюр компаниясының 20 жылдығына орай біз автокөлік жүлдесін ойнаттық. Осы арқылы бізбен осынша уақыт бірге болған тұтынушыларымызды ынталандыра түскіміз келді. Шеврале көлігі 3 жылға жуық үздік брендтердің бірі болып отыр. Екі жыл қатарынан жыл тауары атанды.

Allur ел аумағында автомобильдер мен қосалқы бөлшектерін сатып қана қоймай сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Ел нарығында 20 жыл үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Компания Chevrolet брендін сатуда көшбасшы болды. Әрі елде ең танымал брендтердің бірі.

Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев