Атыраудағы мұнай зауыты зиянды қалдықтар көлемін бақылауда ұстайды

Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Биыл кәсіпорынның түтін құбырларына экологиялық заңнама талаптарына сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатыла бастады. Қазір технологиялық нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. 2024 жылдың ақпанында есептегіш құралдарды «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне қосу жоспарланған.

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнай коксын қыздыру, хош иісті көмірсутектерді өндіру, бензолды алу блогы және катализатордың үздіксіз регенерациясы бар каталитикалық риформинг қондырғылары мен жылу және электр энергиясы өндірісінің түтін құбырларынан қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығып жатады. Енді осы зиянды қалдықтар есепке алынатын болады.

Залина Худаярова, АМӨЗ ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері:

- Экологиялық бақылау құралдары пештер мен қазандықтардан шығатын түтін газдарындағы күкірт диоксиді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі тотығының концентрациясын бақылап, талдау нәтижелерін автоматты түрде реттеуші органдарға жіберуге мүмкіндік береді.

Деректер бақылаушы органдарға әр 20 минут сайын жіберіледі. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату шығарындылар көрсеткіштерін қадағалап қана қоймай, қажет болған жағдайда технологиялық режимді түзетуге көмектеседі. Осындай есептегіш құралдар мұнай өнімдерін жинайтын қоймаларға да қойылады.

Қанат Раукен, АМӨЗ ЖШС өндіріс жөніндегі департамент директоры:

- 2023 жылы 6 резервуарды понтондармен жабдықтау жоспарланды. Сәуір-қараша айлары аралғында зауытытң және мердігер компанияларыынң кұшімен резервуарларды ашу, бостау, жөндеу, тазарту және түбіндегі қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Қазан айында 2 резевуарға понтондар орнатылды. Бензин мен мұнай сақтауға арналған 4резервуар жыл соңына дайын жабдықталады. 2025 жэылдың соңына дейін 14 сыйымдылыққа осындай понтаондар орнату жоспарланып отыр.

АМӨЗ-де барлығы 24 технологиялық қондырғы жұмыс істейді, бірақ аталған төрт өндіріс шығарындылардың негізгі көзі болып табылады. Өндірістің атмосфераға кері әсерін төмендету мақсатында АМӨЗ шығарындыларды азайтуға бағытталған жол картасын іске асыруда. Биылғы жылдың 11 айында АМӨЗ атмосфераға 9313 т ластаушы заттар шығарды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 302 тоннаға аз.