«Көмек» жобасы: FlyArystan билетін тегін және жеңілдікпен алуға болады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап «Көмек» корпоративтік әлеуметтік жобасын ресми түрде іске қосады.

Жоба бойынша ерекше санаттағы жолаушылар әуе билеттерін жеңілдікпен ала алады. Бұған дейін пилоттық үлгіде жүзеге асып келген жобаға тұтынушылар тарапынан сұраныс артқан.

Биыл шілде айында басталған «Көмек» пилоттық жобасы бойынша FlyArystan 3000-нан астам әуе билетін жеңілдікпен ұсынды. Жоба аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар, сондай-ақ оларды ертіп жүретін жолаушы Қазақстан бойынша ұшуға 100% жеңілдікке ие болған еді. Сондай-ақ 80 жастан асқан қарияларға да жеңілдіктер қарастырылған.

Еркін Исанов, FlyArystan кіріс есебі бойынша менеджері:

- 2023 жылдың шілдесінде біз «Көмек» пилоттық жобасын іске қостық. Жоба барысында егде жастағы және бірінші топтағы мүгедек адамдарға әуе билеттері 50% жеңілдікпен беріледі.

Бұл азаматтардың белгілі бір тобының жеке жұмыстары бойынша да, денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында да жүріп-тұруына септігін тигізді, - дейді компания өкілдері. Әлеуметтік бастама авиацияның артықшылығын теңдей пайдалануға мүмкіндік береді.

Мадина Бужинова, FlyArystan сату және маркетинг бөлімінің директоры:

- Осы жобаны жалғастыру жайлы көптеген өтініш қабылдағандықтан, біз оны келесі жылдың ақпан айынан бастап «Көмек» жобасын ресми түрде жалғастыру жайлы шешім қабылдадық. Негізі FlyArystan бүгінгі таңда 40-тан астам ішкі және халықаралық рейстер орындайды. Біз 10 миллионнан аса жолаушыны тасымалдадық. Оның ішінде 1,5 миллион адам өмірінде бірінші рет ұшақпен саяхаттай алды.

FlyArystan бірнеше әлеуметтік жобаға белсенді атсалысып келеді. Атап айтқанда, «Asarume», «Себепкер бол», «Батыл жүрек» жобалары аясында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тегін билеттер ұсынды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон.