Алматыда салынып жатқан үй 9 балдық жасанды жер сілкінісімен сыналды

Алматыда тұрғын үйлердің сейсмикалық төзімділігі тексерілді.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары Everest Development компаниясына тиесілі коттедж қалашығындағы тұрғын үйге күші 9 балдық жасанды жер сілкінісін жасап, нысанның сапасын бағалады.

Екі қабатты 74 тұрғын үйді қамтитын элит санаттағы Baganashil Hills коттедж қалашығы Алматының сейсмикалық қауіптілігі басым аумағында орналасқан. Сондықтан, нысанды салуға жоғары сапалы құрылыс материалдарын қолдандық, - дейді компания өкілдері. Ғимараттың беріктігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін құрылыс компаниясы арнайы мамандардың көмегіне жүгініп, сейсмикалық сынақ жүргізді.

Мақсат Сембаев, құрылыс компаниясының жоба жетекшісі:

- Объектіде құрылыс материалы бетон, М400 марка бар. Ол тек құрылыста емес, мостовой сооружение дейміз ғой, сол жерде де қолданылатын материал. Болашақ тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осындай сынақтар жүргізіліп жатыр, біздің жобада.

Нысанның шатырына орнатылған арнайы құрылғы нағыз жер сілкінісі кезінде болатын дірілді тудырып, ғимараттың қаңқасындағы өзгерістерді тіркейді. Бұл деректер негізінде ғимараттың сейсмикалық төзімділік талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні анықталады.

Жасұлан Омаров, "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ зертхана меңгерушісі:

- Дірілді үдету арқылы 9 балға жеткіздік. Бұл қуаты өте күшті жүктемелер. Сынақ нәтижесінде өздеріңіз көріп тұрсыздар, нысан құрылымында айтарлықтай өзгерістер, зақымданулар жоқ. Бұл ғимараттың қазіргі талаптар мен стандарттарды ескере отырып жобаланғанын көрсетеді.

Everest Development компаниясы құрылыс нарығында 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания нысандарының қауіпсіздігі мен беріктігіне ерекше мән бере отырып, тек сапалы материалдар мен технологияларды пайдаланады. 

Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов