Еңбегі еленгендерге «Абай облысының құрметті азаматы» атағы тапсырылды
25 жылдан кейін қайта жаңғырған марапат.
Семейде «Абай облысының құрметті азаматы» атағы тапсырылды. Еңбегі еленіп, құрметке бөленгендердің арасында тыл ардагері, жазушы да, әнші де бар.
«Абай облысының Құрметті азаматы» атағы биыл алғаш рет берілді. Мәртебелі марапатты облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев салтанатты түрде табыс етті.
Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:
- Бұл елге ақ адал қызмет жасаған, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ.
Құрмет, қошеметке бөленгендердің әрқайсысы өңірге өзінше еңбек сіңірген жандар. Әр саланың үздіктері.
Мейрамхат Айнабеков, Абай облысының құрметті азаматы:
- Соның бірі Абай облысының бүгін талай мереке, қуанышты сәттер көп болып жатыр. Бір жылдан астам. Соның бірі бүгінгі Абай облысының үлкен ақсақалдарымызға, талай жылдан қызмет істеген, елге, ортаға қызмет жасап жүрген азаматтарға Абай облысының құрметті азаматы деген атақтың берілуі. Бұл да өзінше бір жаңалық. Бұл да бір үлкен адамдардың еңбегіне баға беріліп жатқан. Жастарға тәрбие.
Вера Кропачева, Абай облысының құрметті азаматы:
- Туған өлкемді өзгеше жақсы көремін. Жаңа жыл қарсаңында облысымыздағы ең үлкен марапатқа ие болғаныма бек қуаныштымын. Бұл маған зор жауапкершілік жүктейді. Журналистика саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келемін. Алдағы уақытта өңірдің игілігі үшін жұмыс істей беремін.
Облыстық мәслихат шешімімен 10 адам құрметті атаққа ие болды. Олардың арасында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, жазушы Медеу Сәрсеке, еңбек ардагері Мәркен Шайжүнісов бар.
Азамат Қасым, Берік Жобалайұлы