«Бишарашки 2» фильмі үлкен экранға жол тартты

Tiger Films прдюсерлік компаниясының кезекті картинасы байлық пен отбасы құндылығын таразыға салады.

Басты кейіпкер Байтемірдің отбасындағы шытырман оқиғаның жалғасы түсіріліп, премьерасы өтті.

«Бишарашки» фильмінің бірінші бөлімінде қиындықты еңсеріп енді ес жия бастаған Байтемір бизнесменнің отбасы тағы бір сынаққа тап болады. Алаяқтық жасады деп күдікті атанған кәсіпкердің  бар мүлкі тәркіленіп, шоты бұғатталады. Бір сәтте далада қалған отбасы қала шетіндегі жатақхананың бір бөлмесін паналайды. Екінші бөлім жаңа кейіпкерлермен толыққан. 

Жанқош Тұраров, кәсіпқой боксшы:

- Бірде бұзық, бірде жұмсақ, бірде қатал деген сияқты жігіттің ролін ойнаймын. Былайша атйқан кезде өзімнің өмірдегі қалай өмір сүрем, сол рольді маған берді десем болады. 

Қуандық Шәкіржанов, актер:

- Кез келген киноның мейлі комедия болсын, басқа болсын ол көрерменге әсер беруі керек. Айтатын ойы болу керек. Бишарашки деген осы өмірде, қоғамда болып жатқан нәрсені суреттейді. Жаңағы алаяқтары бар, басқасы бар, қашып жүргені бар деген сияқты. 

Байлық пен әлеуметтік қиындық қатар суреттелетін фильм 14 күнде түсірілген. Tiger Films прдюсерлік компаниясының өкілдері картина көрерменнің көңілінен шықса, жалғасын шетелде түсіруді жоспарлап отыр. 

Дархан Сәркенов, фильм режиссері:

- «Бишарашки-2» отбасыдағы құндылықтар жайында, отбасының бірге болуы қандай жағдай болмасын, қандай қиыншылықтар болмасын деген сияқты. Сондай қиыншылықтарда әрқашанда бірге болу деген мағына болды астарында. 

Комедиялық картинаның премьерасы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті. Көрермен фильмді Kinopark және Kinoplexx кинотеатрларынан тамашалай алады. 

Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев