Өзбекстанмен алыс-беріс артты

Өзбекстанда өндірілген жеделсатылар жоғары сұранысқа ие бола бастады.

Өндіруші компанияның Шымкенттегі көрме кеңсесі арқылы еліміздегі лифттер жаңартылып жатыр. Бұдан бөлек, өнеркәсіптік қондырғылар мен құрылыс заттарын ұсынған компания өкілдері екі ел арасындағы сауда-саттықтың артқанын айтып отыр.

3 қабатты білім ошағына орнатылған бұл жеделсаты бір жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Өзбекстандық өндірушілер лифттің сапасы мен қауіпсіздік жүйесіне кепілдік береді. Еуропалық стандартқа сай, заманауи интерьерге ие.

Юсуфхон Боситхонов «Akfa Build» компаниясының аймақтық өкілі:

- Біздің лифттер барлық стандарт пен озық технологиялық талаптарға жауап береді. Сәйкесінше сапасы мен бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті. Мәселен, автоматты түрде реттеу жүйесі электр қуаты өшіп қалған жағдайда да жақын қабатқа көтеріп, есіктерін өздегінен ашады.

«Osten» бренді аурухана, жүк тасымалы және панорамалық бағыттағы жедалсатылардың кең таңдауын ұсынады. Лифттер қазірдің өзінде Ақтау, Ақтөбе, Астана қалалары мен Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан нысандарға орнатыла бастады. Сондай-ақ өндірушілердің климатты реттеу қондырғысы ел нарағында жоғары сұранысқа ие болды. 

Константин Хан, сауда орталығының техникалық директоры:

- Біз ыстық климаттық жағдайды ескере отырып, 20 мың шаршы метрді салқындатып, жылыту үшін 5 бірдей қондырғыны орнаттық. Жақсы жұмыс істеп тұр.

Шымкенттегі «Akfa Build» компаниясының көрме кеңсесінде Өзбекстанда өндірілген өнеркәсіптік, тұрмыстық және құрылысқа арналған өзге де заттар ұсынылған. 1 жылда екі ел арасындағы сауда-саттық 34 млн АҚШ долларына жетті.

Әсел Нәзірова, «Akfa Build» компаниясы сауда бөлімінің басшысы

- Қазіргі таңда осы 1 жылда сұраныс өте мықты болып жатыр. Бағасы логистикаға алынбайды және қызмет көрсету тез. 3 жыл кепілдік ол зауыттың өзінен. Егер орнату бізден болса – 5 жылға дейін.

Биыл диллерлік компания өкілдері Астана және Алматы қалаларында да шоурум орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Көрме кеңседе Өзбекстан технопаркіне тиесілі 17 зауытта өндірілген өнеркәсіптік өнімдер ұсынылады.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов.