Қостанайдағы көлік зауытында оқшаулау орталығы салынады
Импортты алмастыру Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытының басым бағыттарының бірі.
Сол үшін индустриалды аймақта оқшаулау орталығы салынады. Жоба бойынша ол жерде автокөліктің 70 мыңнан астам бөлшектері шығарылады. Жаңа өндіріс орынының іске қосылуымен мыңнан аса жұмыс орыны ашылады.
Қостанай автозауты қазір отандық машина жасаудың ірі орталығына айналды десек артық айтқандық емес. Бүгінде мұнда әлемгі әйгілі автокөліктердің Kia, Chevrolet, Jac, Jetour бренд түрлері шығарылады.Жапқын арада олардың қатарын Шкода толықтырмақ. Және дәнекерлеу, сырлау, ұсақ тораптарын жиынау сияқты технологиялық процестер осында атқарылады.
Данияр Байсақалов, құрастыру цехының слесарі:
- Машиналар келеді ғой осында. Машиналар келген кезде есік әкеледі. Есік жинаймыз. Резинкадан бастап, резинка, кронштейнеры, шынылар, обшивка, айна саласың сол. Соларды саласың.
Автоөндірістің қазақстандық үлесін арттыру мақсатында биыл Қостанайда оқшаулау орталығының құрылысы басталмақ. Аумағы отыз мың шаршы метр өндіріс алаңында көліктің түрлі бөлшектерін шығаруға ниет етіп отырған кәсіпкерлер аз емес.
Сергей Могилатов, «Allur» автозауытының өндірісті оқшаулау басқармасының басшысы:
- Біз көліктің орындығын, газ шығаратын құрылғыларын, электрсымдар бумасын, одан басқа кілемше, төсеніш сияқты ұсақ та болса, қажетті заттарды өзімізде өндірсек дейміз. Бұл екі, үш мың шақырымнан тасымалдамай, іргемізде болса, бір жағынан үнем. Екінші жағынан логистика тұрғысынан да тиімді.
Қазіргі кезде негізгі міндеттердің бірі, жаңадан ашылатын ашылатын өндіріс орындарына қажетті мамандарды дайындау. Жоспар бойынша оқшаулау орталығы осы жылдың аяғына таман іске қосылуға тиісті.
Әділ Шайкемелов, «Allur» автозауытының өндірісті оқшаулау бөлімінің басшысы:
- Осыған орай жұмыс орындары шамамен 1 мың адамға дейін ұлғаяды. Мамандарды даярлау үшін кәсіпорынның оқыту және дамыту департаменті және де Қостанай автодорожный колледжі қарқынды жұмыстарын өткізіп жатыр.
Автоөндірісті оқшаулау балдық жүйемен бағаланады. Қазір Қостанай зауытының көрсеткіші 4 мың 150 балл. Бөлшектер біртіндеп өзімізде шығарылып, өндіріс жергіліктендірілген сайын ол ұлғая береді. «Аллюр-Авто» басшылығының мойына алған міндеті алдағы 15 жылда 11 мың балға жеткізу.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг