«Мәскеулік брэндтер»: Алматыда сән көрмесі өтіп жатыр
Алматыда «Центрл Эйжа Фэшн» халықаралық сән көрмесі ашылды.
Онда Москоу Экспорт Центр даму институтының қолдауымен мәскеулік 15 компания сән үлгісін көрсетті. Жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс ісейтін бұл компаниялар Қазақстанда өз кәсібін дамытқысы келеді.
Атакент көрме павильонында адам көп. Тұрғындарды Мәскеуде жасалған брендтік тауарлар қызықтырады. Әдемі көйлектер подьиумдағы арулардың ажарын аша түскендей. Көрмеде сан-алуан әшекей бұйым, бас киімдер мен қолдорбалар әйелдердің назарына ұсынылды.
Виктория Зверева, мәскеулік экспорт орталығы бас директорының орынбасары:
«Біз үлкен мүмкіндікті көріп отырмыз. Қазақстан біз үшін ынтымақтастық пен келісімге негізделген нарық. Біз нарықтағы көптеген бутиктердің ассортиментімен таныстық. Көрме өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Халық тарапынан, қызығушылық бар. Астана мен Алматыда орналасқан бутиктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Көрме біздің брендтердің нарыққа шығуына зор мүмкіндік береді. Мысалы, Аkhmadulina Dreams брендтері қазірдің өзінде Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Сондықтан бұл шын мәнінде табысты шара деп ойлаймын».
Мәскеуден Алматыға алғаш рет келген кәсіпкерлер бар. Олар біздің нарыққа өз тауарын ұсынып, сатуды көздейді.
Жамал Махмудов, киім брендін жасаушы:
«Менің коллекцияма қызығушықтың барын байқап, кәдімгідей қуанып қалдым. Көрмеден кейін көреміз. Көйлектерім 24-35 жас аралығындағы аруларға арналып тігілді. Бар өнерімізді салдық. Арасында қымбат үлгілері де, қолжетімді түрлері де бар. Бұл әйелдерге арналған бренд. Әр колекцияны ойластырғанда алдымен әйелдің ішкі сезімін, сымбатын, әдемі көрінуін қалаймын».
Көрме залында 7 бренд өз өнімдерін таныстырады. Сән көрсетілімі 3 күн бойы өтеді. Содан кейін ұйымдастырушылар әріптестік байланыс орнатып, іскерлік келіссөз болады деп үміттенеді.
Алмас Садуақас, Валентин Лобанов