Артық салмақ адамды ауру қылады
Артық салмақ, іш қату, диарея адам ағзасына кері әсер етеді.
Бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, ағзадағы әртүрлі қабынуларға әкеледі. Қазір осындай сыртқатқа шалдыққан науқастардың саны артқан. Литвалық ғалым Мантас Якимавичюс дертке шипа болатын биологиялық белсенді қоспа жасап шығарды. Фармацевт ғалым ас қорыту, ішек құрылысын дұрыстау тақырыптары бойынша кезекті дәрісін Алматыда өткізді.
Бүл кездесуге Шымкент қаласынан 30-ға жуық адам арнайы келді. Олар артық салмақтың зиянын фармацевт Мантас Якимавичюстің өз аузынан тыңдасақ, дейді. Артық салмақтан құтылғысы келетіндер көбіне аз уақытқа ғана әсер етететін құрамында химиялық заттар бар препараттарға жүгінеді. Осы мәселені шешу үшін фармацевт табиғи таза биологиялық белсенді қоспа жасап шығарды. Құрамы түгелдей шөптен. Өзінің айтуынша, оны тұтынушылардың саны миллионнан асып кеткен.
Мантас Якимавичюс, фармацевт:
- Әрине қайырымдылық жобасына тегін қатыса алады. Бұл жерде мен барлық сауалдарға жауап беруге тырысам. Сондай-ақ Colonwell қоспасының бір құтысын тегін берем. Өнім бір жарым айға жетеді. Осы уақыттың өзінде ол ағзаға оң әсерін тигізеді. Бірінші кезекте ас қорыту жүйесі, ішек жолдары жақсарады. Осыдан бастап, адам артық тамақ жеуді өзі де қоя бастайды.
Colonwell-дің үш бағдарламасы бар. «Сау ішек», «Салмақ тастау». Соңғысы біріктірілген. Қоспа семіздіктен ағзаға зиян келтірмей арылтып, ішек жұмысын толығымен қалыпқа келтіреді.
Бақыт Алдамбергенқызы, қала тұрғыны:
- Colonwell-ді қазан айынан бері қолданып келемін. Шөптен жасалынған. Пайдасы зор. Өзім 5-6 ай болды ішкеніме. Жақсы көмектесіп жатыр.
Қазіргі уақытта Мантас Якимавичюс артық салмақ мәселесін тыңғылықты зерттеп жүр. Ішек гигиенасы кітабын жарыққа шығарды. Сондай-ақ оның буын, жүйке ауруларын алдын алуға және бет терісін, шаш пен тырнақты жақсартуға арналған өнімдері бар. Балалар үшін жасаған қоспасын да ұсынып отыр.
Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов