Су тасқыны. "Қазақстан халқына" қоры ₸5 млрд бөледі

Су тасқынынан зардап шеккен бірқатар өңірдегі үйлердің құрылысына қолдау көрсету үшін "Қазақстан халқына" қоры 5 млрд тг көлемінде қаржы бөледі.

Бірақ жергілікті атқарушы органдар объективті тексеріс жүргізіп, тиісті сараптамалар нәтижесі негізінде ауылдық тұрғын үйлерді жарамсыз деп тануы қажет.

Қор тарапынан 2022 жылы сәуір айында БҚО-ның Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесін ескерсек, биыл да ауылдық елді мекендерде 200-ге тарта жаңа жер үй салынуы мүмкін.