Megogo – отбасы медиасервисі
Қазақстанның цифрлық нарығында интернет-телеарналарды тамашалауға арналған қосымшалар аз емес.
Соның бірі – MEGOGO халықаралық медиасервисі. Отбасы үшін әртүрлі контентті біріктіретін платформа арқылы жаңа фильм мен сериалдарды, аудио, спорт және тағы басқа шоу мен арналарды көруге болады.
Медиасервисті кез келген адам ешқандай кедергісіз еркін қолдана алады.
Қолжетімді әрі ыңғайлы онлайн қызметті smart tv-ға, мобильді құрылғыларға, компьютерге және медиа ойнатқыштарға жүктеп алып, қалаған нәрсеңізді көруге болады.
Нұрлан Шүкібаев, «MEGOGO Орталық Азия» компаниясының бас директоры:
- Біздің қызметті қолдану үшін қағаздағы құжатты толтыру, абоненттік бөлімдерге бару керек емес. Тұтынушы қосымшаны көшіріп, электронды пошта немесе байланыс нөмірі арқылы тіркеліп, MEGOGO-ны қолдана береді. Сервисіміз барлық платформаларда қолжетімді.
Компанияның негізі 2011 жылы Киевте қаланды. Бір жылдан соң Қазақстанда бөлімшесі ашылды. Сонымен қатар ол Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жұмыс істейді
Нұрлан Шүкібаев, «MEGOGO Орталық Азия» компаниясының бас директоры:
- Бүгінгі таңда біздің компанияның Disney, Warner Bros, Paramount, Universal сияқты ірі студиялармен тікелей келісімшарттарымыз бар. Сондай-ақ 2023 жылы біз HBO-мен келісімшартқа отырдық, енді біздің сервисте мыңдаған танымал телехикаяларды көруге болады.
Казақстанда MEGOGO-ны айына 1,8 млн адам көреді. Сервис үнемі жаңа туындылармен толығады. Әлемдік экранда пайда болған жаңа фильм немесе контентті лезде MEGOGO қосымшасынан табасыз.
Алмас Садуақас, М.Құдықбаев, «24.KZ», Алматы