Семейде «Таза Қазақстан» акциясына 15 мың адам қатысты
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Абай облысында ауқымды түрде өтті.
Мысалы, Семейдегі аулаларды, саябақтар мен скверлерді тазартуға 15 мыңнан аса адам атсалысты. Сонымен қатар өңірде көшет егу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы «Семей орманы» резерватында 29 мыңдай жас шыршаны тамырландыру жоспарланған.
«Тазалық – саулық кепілі». Осы сөзді негізге алған мемлекеттік мекеме өкілдері, кәсіпкерлер, волонтерлер мен студенттер қолдарына күрек алып, көшелерді тазалауға кірісті. Экологиялық шараның негізгі міндеті – әрбір тұрғынның туған жерді көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге үлес қосатыны.
Бақытжан Мұхамеджанов, акцияға қатысушы:
- Ұйымдардың бәрі келіп, өз үлестерін қосып жатыр. Қаламыздың тазалығы үшін, еліміздің болашағы үшін деген сияқты. Енді халыққа айтарым, қаламызды таза ұстайық.
Облыс орталығындағы экологиялық акцияға 15 мыңнан аса адам қатысты. Олар көшелерді абаттандырып қана қоймай, жас көшеттер егеді. Осы ретте «Семей орманы» резерваты 6 гектар аумаққа 29 мың жас шырша жерсіндірілді.
Қайрат Құсайынов, «Семей орманы» МОТР бас директоры:
- Көшеттерді егіп жатырмыз. 2025 жылға дейін 119 млн 400 көшет егуіміз керек. Оны енді білесіздер, Абай облысында, білесіздер, іргемізде, Ертістің маңайында өседі.
Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:
- Өздеріңізге белгілі, осы біздің қарағайымыз өңірдегі, осы бүкіл жаһандағы әлемде екеу болса, біреуі Абай облысында. Сондықтан бүгінгі шара, меніңше, үлкен серпін береді. Тек қана Семей қаласында емес. Көкпекті, Ақсуат, Аягөз, барлық аудандарда, орталықтарда осындай тазалық акциялары жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге «Бейбітішілік» аралында тұрғындар ағаштарға құс ұясын ілді. Осылайша, олар қанаттыларға қамқорлық көрсетіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Әсем Өтешева.