Отандық құрылыс компаниясы сейсмикалық қауіпсіз технологияны қолданады
Сейсмикалық қауіпті аймақта салынатын үйлердің тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?
Отандық Sensata Group құрылыс компаниясы инновациялық технологияларға жүгініп, сапаны бақылап, ерекше материалдарды қолданады. Сонымен қатар нысан салатын инженерлік-техникалық құрам үшін айына екі рет оқу семинарын өткізеді.
Sensata Group компаниясы отандық құрылыс нарығында 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Ел аумағында көптеген жобаларды сәтті іске асырған компания Алматы агломерациясына ерекше көңіл бөледі. 9 балдық зілзалаға шыдас беретін тұрғын үй кешендірін салу барысында монолитті құрылыс талаптары қатаң бақыланады.
Руслан Баймұхамбетов, Sensata Group компаниясы техникалық директорының орынбасары:
- «Жаздың аптап ыстық күндерінде біз бетонның сапасын қатаң қадағалаймыз. Ауа температурасы жоғарылағанда бетонға су қуйып, ылғалдылық мөлшерін тексереміз. Бетон өте берік болу керек. Ол нығыздалған соң қосымша тексеріс жасалады. Бетонның бетінде сызат пен өзге де бүлінулер болмауы керек».
Sensata Group жобаларында монолит ғимараттың негізі саналады. Оның бағасы қымбат әрі монолитті техниалық талапқа сай етіп құю құрылыс жұмыстарының басты процесі. Сонымен бірге монолитті құрастырылымдарға геодезиялық бақылау жасалады. Компания салған барлық тұрғын үй міндетті мемлекеттік сараптамадан өтеді.
Руслан Баймұхамбетов, Sensata Group компаниясы техникалық директорының орынбасары:
«Жұмыс сапасын жақсарту үшін біз аптасына бір рет және айына екі мәрте инженерлік-техникалық құрамға, биргада жұмысшыларына оқу семинарларын өткізіп тұрамыз. Олардың білім мен білігін арттырып, кәсіби тұрғыдан жетілдіреміз. Бұның барлығы құрылыс сапасын артыру мен жоғарғы нәтижелерге жету үшін жасалды».
Sensata Group компаниясында сапаны бақылау бөлімі бар. Онда еңбек өтілі 30 жылдан жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейді. Мамандар құрылыс - монтаж жұмыстарының дұрыс атқарулын тексереді.
А.Садуақас. А.Нарымбаев