Көкшетауда жемқорлыққа қарсы республикалық сайыс өтті
Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық «антипаракрафт» сайысы өтті.
Оған еліміздің 20 өңіріндегі жоғары оқу орынынан келген студенттер қатысты. Байқауда жастар жемқорлыққа қарсы жобаларын көпшілікке таныстырды.
Аса ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбінде мемлекеттік сатып алу саласында болады. Әсіресе тендер алуда «бармақ басты, көз қысты» дерек көп. Маңғыстаулық жастар бұл мәселені шешу мақсатында жаңа жоба ұсынды.
Дана Жолдас, студент:
- Шектік мөлшердегі функция еңгізу. Немесе басқа өңірдегі тұлғалары сол мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтын тиым салу. Әртүрлі істерді зеттейміз. Қасында жүреміз. Осы зерттеулердің нәтижесінде «адалдық алаңы» және антикор орталықтарының жетекшілерімен ақылдаса отырып, осындай шешімдерге келдік.
Экология саласындағы жемқорлық та азаймай тұр. Ауа мен қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын көп. Павлодарлық Жігер Байділдин осындай компаниялардың заңды жұмыс істеп отырғанына күмәнмен қарайды. Сол себепті, жасанды интелект арқылы басқарылатын жаңа жоба ойлап тапқан.
Тимур Ахметжанов, студент:
- Бұл жоба ірі кәсіпорындардың тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығаруға лицензия береді. Яғни жасанды интелект арқылы барлығы цифрлық түрде жүргізіледі. Сәйкесінше саладағы жемқорлық азаяды.
Бастамашыл жастардың басын қосқан жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар жемқорлыққа қарсы тест тапсырды. Кейін жобаларын қорғады. Студенттердің тың бастамасын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жоғары бағалады.
Жігер Байділдин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басшысының орынбасары:
- Тек қана жоғары оқу орындарында емес, сонымен қатар мектептерде бұл жұмыс жүргізілуде. Мұның нақты нәтижесі алдынғы уақытта көрінеді деген ойдамыз. Тек қана қылмыскерлерді әшкерелеп, жауапқа тарту емес, сонымен қатар қоғамда осындай мәдениетті қалыптастыру ісі бірге жүру керек.
Жалпы «антипаракрафт» сайысын ең алғаш Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов университеті өткізді. Қазір барлық өңірде ұйымдастырылады. Облыстық сыннан сүрінбей өткен студенттер республикалық сайыста бағын сынайды. Ал осы байқаудың қортындысы ертең белгілі болады.
Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко