Алматы облысында жастар мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды

Алматы облысында 13 жас мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды. Қазір олар әр салада еңбек етіп, тәжірбие жинап жатыр.

Жоғарғы оқу орнын үздік дипломмен тәмәмдаған жастармен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері кездесті.

Алина Айтуова – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2023 жылғы түлегі. Өсімдік қорғау және карантин мамандығын меңгерген ол Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы әкімдікке конкурстық іріктеусіз қабылданған.

Алина Айтуова, жас маман:

- Жоғарғы оқу орнын жақсы балмен бітірген түлектерге ең жақсы қажетті жоба деп ойлаймын. Барлық жас түлектерге осы қажетті жобаны жіберіп алмауларына тілектеспін.

Ал Александра Макагон С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетін тәмамдаған. Үздік диплом иегері жұмысын «Жастар» тәжірбиесімен бастап кейін тұрақты жұмысқа тұрды.

Александра Макагон, жас маман:

- Қараой ауылдық округіндегі әкімдікте осындай мүмкіндік туралы білдім. Содан кейін құжаттарымды жинап Іле аудандық әкімдігіне өткіздім. Сәуірдің 11 күні бас маман болып тағайындалдым.

Конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке қабылдану үшін дипломдағы GPA көрсеткіші 3,33 балдан кем болмауы керек. Әрі жоғарғы оқу орнын бітіргеніне бір жылдан аспауы шарт. Осы талапқа сай келген 13 жас мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен кездесті.

Ерболат Тұрымбетов, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы тәлімгерлер кеңесінің төрағасы:

- Мемлекеттік қызметке келген азамат біраз шектеулері болады. Ол қоғамда жүргенде жұмыс істейтін кезде ол еш уақытта мемлекеттік қызметкер екенін ұмытпау керек. Мемлекеттік қызметкерге қарап, халық мемлекетке билікке деген өз ойларын пікірлерін қалыптастырады.

Мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі зор. Сондықтан жиында жастарға жан жақты кеңес беріліп, заңды жетік білетін маман болып қалыптасу қажеттігі айтылды.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Аят Дүйсембаев.