Алматыда «Менің атым Қызболсын» фильмінің премьерасы өтті
Алматыдағы «Kinoplex Сарыарқа» кинотеатрында «Менің атым Қызболсын» фильмінің премьерасы өтті.
Тағылымдық мәні бар туынды жастарға арналған. Онда шынайы өмір оқиғалары, қыз бен жігіт, әйел мен күйеу қарым-қатынасында болатын қиындықтар мен қызықты оқиғалар көрсетіледі.
«Менің атым Қызболсын» фильмінде гендерлік теңдік мәселесі көтеріледі. Ердің міндетін әйел, ал әйелге атқаруға тиіс қызметті еркек істейді. Қыз бен жігіт арасындағы сезім өмірде кездесетін қиындықтармен сыналады.
Мақсат Оспан, режиссёр:
- Қыз бен жігіт арасындағы, әйел мен күйеу арасындағы болмашы нәрселер кейде сырт экраннан қарағанда бір үлкен проблема болып көрінуі мүмкін. Элементарный бір жаққа барайық, киноға барайықшы, ата-анаңмен қашан таныстырасың деген сияқты нәрселерге жігіттер қойшы сосын, келесі апта уақыт бар ғой, не болды деген сияқты тақырыптар қыз бала үшін ол көңіліне қатты алуы мүмкін деген сияқты мәселелер. Бұл жерде керісінеше».
Туындының түсірілімі былтыр күзде өтті. Сценарий авторлары Татьяна Пфевер, Әзиз Бейшеналиев және Елена Кигай. Режиссері Мақсат Оспанов. Сондай-ақ негізгі рольдерде Мансар Орынхан, Жасұлан Айтенов, Еламан Есентаев сынды актерлер бар. Ал басты рольді танымал актриса Ақбота Нұр ойнайды.
Ақбота Нұр, актриса:
«Ер адамның ер мінезді болғанын қалаймын. Сонымен қатар таза болғанын қалаймын. Айтқан сөзінде тұрғанын қалаймын. Өзіндік мнениениесі болғанын. Ер азамат мен үшін нағыз еркек деп ойламын».
Өткір сатираға негізделген фильм еліміздегі «Кинопарк – Киноплекс» кинотеатрлар желісінде 23 мамырдан бастап көрсетіледі.
А. Садуақас, Э.Кон