Қостанай облысында екі шағын ауданның құрылысы басталды

Қостанай облысында «Астана» және «Бәйтерек» деп аталатын екі шағын ауданның құрылысы басталды.

154 тұрғын үй кешенінде 14 мың пәтер болады. Бұдан бөлек мұнда спорт кешені, көп салалы аурухана және Қазақстан картасы пішіндес саябақ бой көтереді.

Жаңа шағын аудандардың құрылысы өңір үшін маңызды оқиға. 176 гектар аумақта комфорт санатындағы 5 және 24 қабатты үй салынады. Ғимараттардың қасбеті, подъездері ерекше үлгіде болады. Жоспар бойынша 14 мың пәтердің 40 пайызы ипотекалық бағдарламар, ал қалғаны коммерциялық баспана ретінде сатылады.

Ғалия Қабақова, Тобыл қаласының тұрғыны:

- Біздің қаламыз осылай өркендеп көркейіп жатқанына өте қуаныштымыз. Және болашақта осындай жобалар одан сайын біздің қаламызды дамытады деген үміттемін. Болашақта осы шағын үй алсам ба деген ойым бар.

Томирис Жантемірова, жастар ресурстық орталығының өкілі:

- Бұл біз үшін маңызды оқиға. Керемет шағын аудан пайда болады. Жастар үшін түрлі орталықтар, кешендердің құрылысы басталады, орналасады. Это большое событие. Здесь будут всевозможные центры, комплексы.

Шағын аудандарда тиісті коммуналдық, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның бәрі ескеріледі. Облыстағы ең ірі спорт кешені осында орналасады. Заманауи мектеп мен көпсалалы аурухана бой көтереді. Ақылды аялдамалар мен бейнебақылау жүйелеріне бөлек, кең көшелер мен аулаішілік жолдар қарастырылады. Шағын аудандарға электр қуатын тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал жылу, сумен қамту және кәріз жүйелері дайын тұр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Дәл осы жерде жаңа шағын аудандар бой көтереді. Тіпті жаңа өмір басталайын деп жатыр деп айтуға болады. Бұның барлығы да сендер үшін, жастар үшін. Облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар, ашылып жатқан зауыттар мен фабрикалар бұның барлығы да сендер үшін, жастар үшін.

Шара «оупен эйр» форматындағы қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен түйінделді

Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг