Агросектор. Ірі қараны асылдандырудың тиімді тұстары

Бүгін сөз еткелі отырған «Жаңа жол» шаруа қожалығы 1960 жылдан бері жұмыс істейді. Ал 2002 жылы ол «Агрофирма TNK» ЖШС құрамына кірді. Биыл бұл компания ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемденді. Кәсібін дөңгелетіп отырған шаруашылық 2010 жылы Германиядан 200 бас ірі қара мал әкелді. Бүгінде оның саны 800-ге жеткен. Оларды мұнда небәрі 4-ақ адам басқарады. Себебі барлық құрылғылар автоматтандырылған.