352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәдениет жаңалықтары. Елордада үздік дизайнерлер бас қоспақ

  • 68

Астанада үздік дизайнерлер бас қоспақ. 25 тамыз күні «Astana Designers Awards 2018» премиясының алаңында алыс жақын шет елдерден 500 жуық қатысушы келіп жиналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, номинациялардың тізімі ұлғайып келеді. Мәселен, 2017 жылы жеңімпаздар киім дизайны, веб-дизайн, графикалық дизайн, архитектура, ландшафты дизайн және әшекей бұйымдар бағыттары бойынша анықталған болатын. Қатысушылардың басым көпшілігі осы премиядан кейін шығармашылық өркендеу еселеп артқанын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы