352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Smart City» сәнге айналған термин бе?

  • Read 349 times
  • Media
<span class=favorites>«Smart City» сәнге айналған термин бе?</span>

Тізбелегенде жиһан кезгіш туристердің аузына ең алдымен ілінетін әлемнің бас қалаларының қатарында Астана бар ма? «Ақылды қала» атануға бет бұрған елордамыздың даму бағытына берілетін баға қандай? Назарларыңызға AECOM компаниясының қалаларды стратегиялық жоспарлау және жобалау бойынша директоры Карло Кастеллимен сұхбатты ұсынамыз.

Астананың  «Ақылды қала» бағытындағы жұмысына қандай баға бересіз?

Қазіргі таңда «ақылды қалалар» деген ол сәнге айналған термин. Бүгінде бұл сөз жиі қолданылады, меніңше көптеген шаһарлардың дені әрдайым ақылды болды. Бұл орайда үлкен жетістіктері бар қалалардың тарихы мыңдаған жылдар бойы жаппай кенттенудің кезеңін бастан кешірді. Егер де олар қарқынды түрде дамып, ақылды жүйелерді ұдайы ендіріп тұрмаса, бүгінге дейін жетпей құрдымға кетер еді. Менің ойымша, қазір заманауи үлгідегі озық технологияларға үлкен мән беріледі. Болашағы жарқын ақылды қалалар өз тұрғындарына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жетіліп тұру үшін жағдай жасау керек. Халықтың ойларымен бөлісу үшін ұжымдаса білуі қажет. Кәсіпкерлікті дамыту, төл жобасын жүзеге асыру үшін технологиялық жаңалықтар әрдайым көмекші болады. 

Цифрлық технологиялар әлемдік деңгейде қалалардың өзгеруіне қаншалықты ықпал жасайды?

Қазір барлығы үлкен мәліметтер жөнінде сөз қозғайды. Меніңше бұл - кілт. Егер де жаңа технологиялар ірі көлемдегі деректерді басқарып, жеке сектор мен мемлекеттік мекемелердің арасындағы байланыстың дамуына септесетін болса, ол технологияның басты жетістігі болады. 

Сіз үшін «ақылды қала» дегеннің анықтамалық түсінігі не?

Мен «ол тұрғындарына өз өмірлерін өз қолдарына алудың мүмкіндіктерін  берген қала» дер едім. Технологиялар да дәл сол бағытта жұмыс жасауы керек. Көп жағдайларда олардың қызметі өздеріне ғана тәуелді. Алайда қандай технология болмасын адамдардың мақсаттарын жүзеге асырушы құрал болуы тиіс.

Бұл сіздің Астанаға жасаған алғашқы сапарыңыз ба?

Иә, мен мұнда келу бақыты бұйырғанына қуаныштымын.

Қаладан алған әсерлеріңізбен бөліссеңіз?

Менде бұл жас болғанымен қарқынды дамып келетін аса қуатты қала деген пікір қалыптасты. Өзге астаналармен салыстырғанда тым жас шаһар. Елорда жақында өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мен бұл мейрамды асыға күтемін. Туған күніне ортақтасу үшін арнайы келуді жоспарлап отырмын. Қалаға келген адамдардың барлығы мұндағы ерекше қуатты сезінеді. Меніңше Астана 'кономикалық форумында Президент атаған жоспарлар осыны айғақтады.

Қазіргі таңда көптеген елдер ақылды қалаларды дамытумен қатар әуежай-сити деп аталып жүрген жобалардың құрылысына кірісіп кетті. Бұл жайында айту әлі ертерек болса да, сіздің ойыңызша, Қазақстан әлемдік көшке ілесіп, әуежай желісін жетілдіруге ден қоя ма?

Менің ойымша, ол туралы айту еш уақытта да ерте емес. Әуежайлар айналасындағы қатынасты жетілдіруді жоспарлау ол қалыпты деңгейдегі ұғым болуы керек. Бұл орайда Әуе көлігінің байланысын дамыту, желідегі ұшу рейстерінің санын ұлғайту және қала немесе аймаққа әкелер экономикалық әсері деп жіктеп алу қажет. Егер алып шаһар болса, онда транзиттік әлеует те ауқымды болады.  Әуе тасымалының көлемі неғұрлым көп болған сайын экономикалық тиімділігі де арта түседі. Сондықтан әуежайларға көңіл бөліп, қажетінше жоспарлау қашанда маңызға ие. 

Қазақстанға ақылды қалалар мен әуежай-ситиді дамыту үшін не қажет?

Менің ойымша, Қазақстан мен Астана үшін алдымен бірегейлігін сақтап, өзге ұқсастығына мән беру керек. Ел мен республиканың бас қаласы осында мекен еткісі келген, саяхаттауға ден қойған өзгелерге несімен қызықты болады деген сұраққа жауап іздеу қажет. Қазір әлем бойынша ынтымақтастықпен қатар бәсекелестік жүріп жатыр. Алайда әрбірі бірегейлікке әуес. Өйткені өзгеден ерекшелейтін тұстар кімнің болмасын қызығушылығын оятады. Егер де мен басқадан көрмейтін сіздерде бар екенін білсем міндетті түрде осы елге келетін боламын.  Астанаға осы алған бағытынан қайтпау керек деп ойлаймын.

Қазір Астана жайында көп сөздер айтылып жатыр, көбі оны мүмкіндіктерге толы жас қала деп таниды. Сіздің ойыңызша, бұл ақылды қала ретінде дами түсуіне сеп бола ма?

Иә, әрине. Бәрі осыған келе жатыр. Ол үшін көптеген күш-жігер жұмсалды, жобалар жүзеге асырылуда.  Бұл орайда болашаққа деген көрегендік қажет. Алдағы уақытта да маңыздылығын жоймайтын ұзақмерзімді жоспарлар жасай білу керек деп ойлаймын. Қысқа, орташа және ұзақ жылдарды қамтитын жобалар бүгінмен ертеңнің ара-жігін бөлмейтіндей етіліп кешенді түрде құрылуы тиіс.

Сұхбаттың ағылшын тіліндегі нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы