352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі елордаға ерекше тарту жасамақ

  • Read 127 times
Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі елордаға ерекше тарту жасамақ

Астананың 20 жылдық мерейтойына Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі ерекше тарту жасамақ.

28 маусым күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздардың сиқыры» халықаралық көрмесі ашылады. Өнер сүйер қауымның назарына 19 ғасырдағы француз кескіндемесінің жауһары атанған 48 туынды қойылады. Көрермендер әйгілі Поль Гогеннің және оның «Наби» көркемсурет тобының мүшелері Поль Серюзье, Эмиль Бернар, Пьер Боннар, Моррис Дени сынды шеберлердің шығармашылығымен таныса алады. Көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Марк-Оливье Рансон-Биткер, суретші:

– Мен ең алдымен бірегей көрмені ұйымдастыруға мүмкіндік берген Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық мұражай ұжымына алғыс білдіремін. Көрмеге келген адамдар француз көркемсурет мектебінің ең жарқын туындыларымен таныса алады. Біз осыған дейін де Астана көрермендерінің назарына еліміздің туындыларын ұсынған едік. Бұл жолы мерейтойға тарту жасап отырмыз.

back to top
Хабар 24 телеарнасы