359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана күні елордалық 40 жұп шаңырақ көтереді

  • Read 241 times
Астана күні елордалық 40 жұп шаңырақ көтереді

2018 жылдың 5 шілдесінде Астанада 20 жылдық мерейтойына орай «Салтанатты неке қию рәсімі» атты кезекті іс-шара өтеді. Қызықты  жоба жұбайларға ұмытылмас үйлену салтанатына қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elorda Info.

Іс-шараға шамамен 40 жұп қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, елорда күнін тойлауға арналған «Салтанатты неке қию» рәсімі 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған іс-шараға 2007-2017 жылдары 350-ге жуық жас жұбайлар қатысты. Жылдар бойы жобаға қатысушы жастар отбасында 800-ден астам бала дүниеге келді. Елорда тұрғындары мен қонақтары салтанатты рәсімге үлкен қызығушылық танытып, оны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырды. Салтанатты рәсім 11 жыл қатарынан өткізіліп жатыр.

back to top
Хабар 24 телеарнасы