356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Елбасы. Маңғыстау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

  • Read 186 times
  • Media
Астанада «Елбасы. Маңғыстау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Еліміздің әр өңірінде Астананың 20 жылдығына арналған мәдени-спорттық іс-шаралар өтіп жатыр.

Елорданың мерейлі мерекесіне Маңғыстау жұрты да өз тартуын жасап, «Достық» үйін сыйлады. Салтанатты шарада «Елбасы. Маңғыстау» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кешелі бері аймақтың өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Сонымен қатар Маңғыстаудың өзгеше табиғатын бейнелейтін суреттер қойылып, өлке шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық туындылар көрмесі өтті.  

Маңғыстаулықтар Астананың 20 жылдығына «Достық» үйін тарту етті. Тек елордада түрлі этностарға арналған ұлттық орталықтың ғимараты жоқ болатын.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, осы бірлікті, елдікті күн тәртібіне қойды. Соның арқасында экономикамыз қалпына келді. Соның арқасында әлеуметтік сұрақтар шешімдерін тапты. Оның бәрі осы елдіктің бірліктің арқасы. Соған Маңғыстау облысы өзінің үлесін қосып жатыр.

Аймақтың мәдени іс-шарасы аясында «Елбасы. Маңғыстау» атты кітаптың да тұсауы кесілді. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасымен жарық көрген туындыда Маңғыстау өңіріне қатысты жан-жақты мағлұматтар беріліп, әсем безендірілген суреттер топтамасы жинақталған. Киелі мекеннің тылсым табиғаттары мен аймақтың соңғы 27 жылдағы тарихы да құнды деректер арқылы сөйлейді. «Елбасы. Маңғыстау» кітабымен жақын танысқан көпшілік жинақтың көркемдік мазмұнына жоғары баға беріп, туындының оқырман қауымға құнды мәліметтер беретінін атап өтті.

Айтуар Өтегенов Қазақстан жазушылар одағының мүшесі: 

- Бұл кітап Маңғыстау облысын қайта ашудағы Елбасының әкелік қамқорлығы жөнінде баяндалады. Сонымен бірге киелі де қасиетті Маңғыстаудың өткен өмірі, бүгінгі өмірі суреттеледі.

Астана күніне арналған мәдени-танымдық іс-шарасы концерттік бағдарламамен жалғасты. Өңірдің кәсіби өнер ұжымдары мен республикаға танымал таланттары ән-жырдан шашу шашты.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы