352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: 6 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар

  • Read 847 times
Астанаға 20 жыл: 6 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар

Астана мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралардың негізгілері 6 шілдеде өтеді.

6 және 7 шілдеде елорда тұрғындары мен қонақтарын Nomad city hall сарайында «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театры шақырады.

Сонымен қатар шілденің 6-8 аралығында «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Spirit of Astana» халықаралық фестивалі өтеді. Үш күн бойы сахна төрінде 18 ұжым, яғни 120-дан аса музыкант өнер көрсетеді. Биыл фестивальге әлемнің 20 мемлекеті қатысады.

Осы күні «Астана» концерт залында КСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, академик Бибігүл Төлегенова Астанаға музыкалық тарту жасайды. Аңызға айналған әншінің жеке концерті кешкі сағат 18.00-де басталады.

Астананың 20 жылдығына орайластырылған іс-шаралардың шарықтау шегінде «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда қазақстандық және шетелдік әртістердің қатысуымен гала-концерт өткізіледі. Бес сағаттық музыкалық шоу ашық аспан астында өтеді және оны көрем деушілерге есік ашық. Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және басқалары Астананы туған күнімен құттықтайды. Кеш хэдлайнері – «Ninety One» және оңтүстіккореялық «Boyfriend» топтары. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасын барша әлемге таныстыру рәсіміне қатысқан «На-На» тобының өнерін тамашалайды. Бұдан басқа, концерт көрермендері мерекелік отшашу тамашалайды. Биыл отшашу 6 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болады. Гала-концерт пен мерекелік отшашу «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Басталуы сағат 20.00-де.

back to top
Хабар 24 телеарнасы