352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: Ең үздік бейнеқұттықтау иесі анықталды

  • Read 192 times
  • Media
Астанаға 20 жыл: Ең үздік бейнеқұттықтау иесі анықталды

Елорда күніне орай түсірілген ең үздік бейнеқұттықтау авторлары анықталды.

«Астана – жастар қаласы» атты тақырып бойынша бірінші орын арнамыздың бейне инженері, әріптесіміз Карина Шайкеноваға бұйырды. Комиссияның қарауына республика бойынша барлығы 33 жұмыс ұсынылды. Олар екі тақырып бойынша іріктелді. Алғашқысы Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саяси бастамаларын көрсететін бейнебаяндар болса, екінші тақырып – Қазақстан мен елорда жастарының жетістіктерін насихаттауға бағытталған. Үздіктер бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлдеге ие болды.

Карина Шайкенова, жеңімпаз:

– Бейнеүзіндінің мазмұны соңында ашылады. Айтпақ ойым – қанша қиындықтан өтсек те, алда жарқын болашақтың бар екенін естен шығармау керек. Мен Елорданы осылай ерекше құттықтағым келеді. Ойым жүзеге асқан секілді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы