359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада халықаралық көше билерінің фестивалі өз мәресіне жетті

  • Read 217 times
Астанада халықаралық көше билерінің фестивалі өз мәресіне жетті

Елордада халықаралық көше билерінің фестивалі өз мәресіне тақады.

Астананың 20 жылдығына арналған ауқымды шараға Қазақстан өңірлерінен тыс, Ресей мен Өзбекстаннан барлығы 500-ге тарта би тобы қатысты. Солардың арасынан іріктелген 20 ұжым ақтық сынға жолдама алды. Оларды АҚШ, Франция, Тайвань елдерінің өнер шеберлерінен құралған қазылар алқасы  бағалады. Көше биінің бірнеше бағыты бар. Солардың ішінде брейк-данс, хип-хоп, вакинг түрлері жастар арасында кең тараған. Бұл өнерде басты шарт – хореграфия мен спорттық қимыл-қозғалыстың үйлесім табуы. Финалдық жарыстың алғашқы күні балалар мен әуесқой бишілер тобы өзара сынға түсті. Одан кейін көше биінің хас шеберлері сахна төріне шығады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы