363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулықтар бауырсақ жеп, шұбат ішуден сайысқа түсіп жатыр

  • Read 262 times
  • Media
Маңғыстаулықтар бауырсақ жеп, шұбат ішуден сайысқа түсіп жатыр

Маңғыстаулықтар болса елорда күнін қалыптасқан дәстүрге сай Каспий жағасында тойлап жатыр.

Бүгін қала аумағында түрлі мәдени және спорттық шаралар өткізілді. Күн ыстығы басылар дәл қазіргі сәтте Каспий жағалауына орнатылған сахнада мерекелік концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылмақ.

Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып келе жатқан Астанамыздың мәртебесі әрдайым биік болғай! Биылғы ерекшелікке келсек, өз басым маңғыстаулық патриот жастардың қажырлылығына қайран қалдым. Маңғыстауға тән аптап ыстыққа қарамастан 120-дан аса жігерлі жас күндіз өткен кең көлемді флешмобқа қатысты.

Олар орталық көшелермен «Астанаға 20 жыл» жазуы бар көк туды алып жүрді. Мемлекеттік рәміздің биіктігі – 15, ені – 7 метр. Акцияға студенттер, еріктілер мен жас сарбаздар жұмылған. Сондай-ақ күні кеше өткен салтанатты жиында қазақ елінің қарыштап дамуына үлес қосқан 25 азамат мерейтойлық медальға ие болды. Мемлекеттік наградаларды аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тапсырды. Мұндай шаралар облыстың барлық елді мекендерінде өткізілді.

Дәл қазіргі сәтте қала тұрғындары мен қонақтары бауырсақ жеп, шұбат ішуден сайысқа түсіп жатыр. Ұлттық астан дәм татып, шөлін басқан жеңімпаздар есімдері мерекелік концертте айтылады.

Мерейлі мерекеге ұлықталған концерттік бағдарлама жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады деп күтілуде. Кең көлемде өтетін мәдени-көпшілік және спорттық шаралар демалыс күндері де жалғасады.

Авторы: Талғат Исламұлы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы