352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Елбасының АЭА дамыту бойынша тапсырмасының орындалуын ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді

  • 420
Б.Сағынтаев Елбасының АЭА дамыту бойынша тапсырмасының орындалуын ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуы мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес аясында АЭА негізгі көрсеткіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы және жұмыс жоспарлары туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов және Астана қаласы әкімі Ә.Исекешев, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек баяндама жасады.

Бұдан өзге жұмыс істеп тұрған АЭА-ларды толтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өз бағыттары бойынша Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Хабар 24 телеарнасы