352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбековпен кездесті

  • 379

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Екеуара әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас пен өңірлік күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерді талқылады.

Елбасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың дамып жатқанын атап өтіп, Орталық Азия мемлекеттері басшылары кездесуінің маңыздылығына тоқталды. Ал Қырғызстан Президенті бұл басқосуды Астанада өткізу идеясын қолдайтынын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респбуликасының Президенті:

- Қазақстанға қош келдіңіздер. Шын көңілмен қабылдап жатырмыз. Болып жатқан жұмыстардың барлығын қарап отырмыз. Екеуіміз кездескеннен кейінгі келісілген мәселелердің барлығы шешіліп жатыр. «Жол картамыз» бар. Сауда-саттық жақсы болып жатыр. Оның бәрі болашақта да дұрыс болады деп, есептейміз. Көп жұмыстар жасадыңыз Өзбекстанменен, Тәжікстанменен кездесіп. Оның барлығы ел үшін жасалып жатқан шаруа. Бүгін мемлекеттің басшылары кездесіп, ішкі жағдайларды – экономика, сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика, соның бәрін шешуге мүмкіншілік болады деп санаймын.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын шақырып, Астанада  ізгі ілтипатпен  қабылдап жатқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Өзіңіз айтқандай біздің елдеріміздің мақсаты ортақ, мүддесі бір. Капитал, инвестиция, еңбек жұмысшылары секілді мәселелер бүгінде бірлесе атқарған жұмыстардың арқасында шешімін тауып жатыр. Өйткені Қазақстан мен Қырғызстан - тарихы тамырлас, бауырлас елдер. Бүгін Астанада өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы