USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Елбасы: «KADEX» көрмесі Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін жаңа деңгейге көтереді деген үміттемін

Елбасы: «KADEX» көрмесі Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін жаңа деңгейге көтереді деген үміттемін

Әлемдегі қилы жағдайлар қорғанысты нығайтуға мәжбүрлеп отыр. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде осылай деді.

Мемлекет басшысы айтулы шарада қорғаныс, ғарыш және ақпараттық қауіпсіздік саласының үздік жетістіктері көрсетілетінін де атап өтті. Сондай-ақ көрменің маңыздылығы мен еліміздің қорғаныс саласына тигізер пайдасына тоқталды.

Орталық Азия елдерінің қорғаныс саласындағы ең ірі көрме 4 күнге жалғасады. Бүгін бұл шара Елбасының қатысуымен ашылды. Алдымен V халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің ресми байрағы биікке көтерілді.

Қорғаныс және аэроғарыш саласындағы айтулы шара 40-қа тарта мемлекет өкілдерінің басын қосты. Ресей, Түркия, Израиль, Беларусь, Қырғызстан, Мысыр, Италия сынды елдердің ресми делегациясы мен 108 компания басшылары көрмені тамашалау үшін арнайы келді. Жалпы өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуға қазақстандық қана емес, шетелдік ұзын-саны 318 кәсіпорын ниет білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бесінші рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара биылғы жылы Астананың 20 жылдығымен тура келіп отыр. Қазақстандағы ғарыш күндері халықаралық форумының ұйымдастырылуы биылғы көрменің басты ерекшелегі болып табылады. Мұнда әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған арнайы павильон ашылды. Бүгінде KADEX қару-жарақ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік маңызы бар шараға айналды. Әлемнің 28 елінен келген 318 кәсіпорын өз өнімдерін көрмеде ұсынып отыр. Көрме қонақтары қорғаныс өнеркәсіп кешенінің және ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен танысатын болады. Бұл ретте электронды байланыс қару-жарақты басқару жүйесін дамыту ісіне баса мән берілген. Ақпараттық қауіпсіздік саласын жетілдіру тың жолдарын зерттеу мәселесіне де назар аударылды. Көрме Қазақстанның Қорғаныс өнеркәсібін жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді деген үміттемін.

Екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын дәстүрлі көрме биыл Қазғарыш мекемесінің 25 және Астананың 20 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келді. Сондықтан шараның жоғары деңгейде өтуіне баса мән берілді. Өйткені KADEX алаңында көтерілетін мәселелер сан алуан әрі қай-қайсысы да маңызды. Биыл олардың қатарына ғарыштық қондырғылар мен технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жобалар қосылып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Программа насыщена по своему формату и содержанию и актуальна в условиях нарастающей глобальной геополитической нестабильности, которую мы наблюдаем. Важным новшеством KADEX станет международный форум «Дни космоса в Казахстане». Наша страна активно развивает космическое направление совместно с российскими партнерами. В рамках выставки демонстрируется передовая продукция и лучшие достижения зарубежных и казахстанских предприятий оборонно-промышленного комплекса. Здесь также представлены разработки ведущих конструкторских бюро в области информационной безопасности.

Бұл күндері KADEX алаңында әскери техниканың түр-түрін көруге болады. Шынжыр табанды танктер мен жоғары дәлдікті модулі, яғни ату қондырғысы бар тасымалдаушы көліктер де көптеп қойылған. Алаңның тағы бір шетінде санаулы секундта көкке көтерілетін, енді бірі жау көзін әп сәтте жойып жіберетін ұшақтар қаз-қатар тізіліп тұр. Бұл заманауи техникалардың біразы қазақ армиясының қолданысында бар. Яғни қоғамға қандай да бір қатер төне қалса, қауіпсіздігімізге тікелей жауапты құрылымдар сақадай сай деген сөз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Наша страна ведет миролюбивую политику, направленную на укрепление добрососедства со всеми ближними и дальними соседями. Однако сегодняшнее положение в мире заставляет всех укреплять обороноспособность стран. И мы в рамках ОДКБ то же самое стараемся делать. В то же время развитие оборонной сферы Вооруженных сил является одним из приоритетов государства. Действенным инструментом в его реализации выступает международная выставка KADEX.

KADEX көрмесі – мақсаты бір, мүддесі ортақ елдер үшін ауқымды іскерлік алаң. Мұнда қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік өндірісіне арналған келелі кездесулер өтіп, тиімді шарттар жасалуы тиіс. Соның арқасында көптеген мемлекет қорғаныс саласында қоян-қолтық жұмыс істеп, өзара байланысын нығайта түседі. Мәселен, еліміз заманауи әскери техника мен қару-жарақ шығару ісін дамытып келеді. Қазір қорғаныс өнеркәсібі кешенінде 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік таңы атқан кезеңнен бері сала жұмысы қайта өркендеп, электронды-оптикалық қондырғылар, бронды техникалар және қосалқы бөлшектер өндіріле бастады. Сондай-ақ тікұшақ құрастыру ісі қолға алынды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми делегация өкілдерімен бірге павильондарды аралады. Мәртебелі меймандарға «Барыс», «Арлан», «Алан» сынды әскери көліктер таныстырылды.

Көрме аясында қазақстандық қана емес, ресейлік, түркиялық, қытайлық қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктері көрсетілді.

Айта кетейік, көрмеге 40-қа тарта мемлекеттен мәртебелі меймандар келді. Олардың қатарында әскери тұрғыда алпауыт елдердің қорғаныс министрлері де бар. Жалпы шара аясында бұл саланың жетістіктерімен қоса Қазақстанның ғарышты игеру жолында жасаған қарышты қадамдары көрсетілді. Қазақ даласы алғаш рет аспан мен жердің арасын жалғаған Байқоңыр айлағымен әлемге әйгілі. Бұл мекенде адамзат тарихындағы ең маңызды оқиғалар орын алды. Сондықтан онымен әркез мақтанып, ғылым мен технологияның дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтуге болады.

Концерттік бағдарлама ғарышты бағындыру жолындағы белестерді ғана емес, ядролық қаруға қарсы саясатты та кеңінен дәріптеді. Сондай-ақ еліміз әлемге әскери техникалық мүліктерді мүлде қолданбау жөнінде үндеу жолдады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Рахманбердиев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде