Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі басталды

  • 266

Жиыны 40718 түлек тестілеуді қайта тапсыруға ниет білдірген. Олардың қатарында кешенді тестілеуден өтетіндер де бар. Түлектердің 11-і сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беріп көрмек.

Құзырлы министрліктің хабарлауынша, ҰБТ-ның екінші кезеңі мен кешенді тестілеуді өткізу үшін еліміз бойынша 40 базалық университет таңдалған.

Еске салайық, ҰБТ-ны қайта тапсыратын түлектер 2242 теңге төлеуге міндетті. Ал апелляция өтініштері тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданып, бір күн ішінде қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы