359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен кездесті

  • 271

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитіне қатысу үшін Түрікменстанға ұшып барды.

Жиын Түрікменбашы қаласында өтеді. Күн тәртібінде Арал теңізін сақтау мен қалпына келтіруге қатысты келісімдер талқыланып, коммюнике қабылданады деп жоспарланған. Аталған құжат Аралдағы экологиялық ахуалды жақсартып, су ресурстарын өзара тиімді қолдануға қатысты. Саммит басталмас бұрын Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты кездесу өткізіп, арадағы әріптестікті талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев әріптесіне саммитті өткізгені үшін алғыс білдірді. Себебі 2009 жылдан бері Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттер бас қосқан емес. Соңғы рет саммит біздің елімізде өткен болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- У нас в сами доброе братские отношение. И у нас между народами никаких проблем никогда не было и нет. Мы решали в этом духе поднимать торговлю, для этого обстоятельство транспорт не через железную дорогу, а через Каспий.  Сейчас еще автомоблиьный. Все это позволить нам повысить торговлью, запраты небольшие все находится рядом. Взаимновыгодно. Спасибо за приглашание, надеюсь мы проведем важную и хорошую событию.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

- Біздің елдеріміз бұған дейін келіскендей жол картасын одан әрі дамыта бермек. Транзиттік дәлізді бірлесе жандандырамыз. Одан бөлек энергоқауіпсіздік саласында бірлесе атқаратын іс көп. 

Ризығын Әмудария мен Сырдариядан теріп отырған мемлекеттердің жоспары көп. Екі өзен Арал теңізіне келіп құяды. Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитіне Қазақстаннан өзге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері де келді. Саммит басталмас бұрын 5 елдің мемлекет басшылары бірлескен фотосуретке түсті. Саммитке жиналған көшбасшылар шағын және кеңейтілген құрамда өзара кеңеспек. Дәл қазіргі уақытта шағын құрамдағы отырыс басталып кетті.

 

Хабар 24 телеарнасы