356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына үлесін арттыруға ниетті

  • 262
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына үлесін арттыруға ниетті mfa.gov.kz

Қазақстан Үндістанмен бірге Ливанда өз контингентін орналастыру және Біріккен Ұлттар Ұйымының қазақстандық «КАЗЦЕНТ» бітімгерлік оқу-жаттығу орталығын сертификаттауы арқылы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына өз үлесін арттыруға ниетті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ-ның бітімгерлік қызметін реформалау жөніндегі отырысында мәлімдеді.

Отырыс барысында Қазақстан Елшісі сапалы өзгерістерді, БҰҰ-ның бітімгерлік жүйесін бағалаудың инновациялық тәсілдері мен жаңа критерийлерін қолдану қажеттілігін атап өтті. Ол бітімгерлік қызмет тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі ретінде БҰҰ-ның барлық құрылымдарының үйлестігін нығайту және есеп беруді қамтамасыз етуге назар аударды. 

Хабар 24 телеарнасы