USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Наурыз кездесулері» шарасына қатысып жатыр

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Наурыз кездесулері» шарасына қатысып жатыр

Астанаға Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын 200-ден астам оқушы жиналды.

Олар осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылған «Наурыз кездесулері» шарасына қатысып жатыр. Биылғы басқосу Астананың 20 жылдығына орай «Болашақ қаласы: Елорда сәулеті» деп аталды. Оқушылар белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілердің дәрісін тыңдап, ғылыми жобаларын қорғады. Қатысушылардың барлығы да елорда сәулетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Шарада жеті бағыт бойынша ақылды және қауіпсіз қала, Астанананың 2050 жылғы үлгісі, сәулет саласындағы хай-тек, «жасыл энергия» мен қала құрылысына жаңалықтар енгізу сияқты 90-ға жуық жоба ұсынылды. Үздік деп танылғын жұмыстар халықаралық олимпиадаларға қатысады. Айта кетейік, осы жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылғанына – 10 жыл.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

– Жылдан жылға балалардың жобаларының деңгейі жоғары. Оның үстіне жобалар не үшін керек? Балалар әр пәннен алған білімдерін жинақтау арқылы жаңа бір дүние ұсынады. Химия, физика, биологияны, сурет, сызу деген пәндерді. Осы жағынан қызық. Екінші жағынан біз балалардың сөйлету арқылы, презентация жасау дағдысын қалыптастырамыз. Қазақта «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деп айтады ғой. Нақты, түсінікті айту үшін осындай жұмыстар жасалып отыр.

Сейітхан Мұхаметжан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

– Менің жолдарым пластмассадан жасалады. Пластмассадан жасалған жолдар Қазақстанның экономикасына үлкен пайда әкеледі. Қазақстанның ауасы таза болады. Пластмассадан жасалған жолдар асфальттан жасалған жолдардан 50 есе артық және арзанырақ болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде