359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Академиялық адалдық лигасы» құрылды

  • 223

Қазір оған Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті, Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті сияқты  21 жоғары оқу орны кірді.

Тағы бірнешеуі мүше болуға ниет білдіріп отыр. Лига әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне негізделген қағидалар бойынша жұмыс істейді. Мұның барлығы білім саласын дамытуға бағытталған. Айта кетейік, биыл жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы заң қабылданған болатын. Білім және ғылым министрлігі осы заң негізінде жоғары оқу орындарының құзіретін кеңейтіп жатыр. Ал жаңа қауымдастық мүшелерінің айтуынша,  академиялық адалдық лигасы  білім сапасын көтеруге септігін тигізбек. 

Тахир Балықбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

- Негзінде жатқан бінеше нәрсе жаңағы айтып отырған адалдық жүйелері, одан кейін үздік студенттер ғана бітіретін жүйе болу керек және сол аладыққа университеттің студенттері де, оқытушылары да қатысатын болу керек. Сонымен қатар, антиплагиат жүйесін толыққанды енгізу қажет.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында диплом жайында да сөз қозғалды. 2021 жылдан бастап әр университет өз үлгісіндегі диплом  береді. Яғни бұл жоғары оқу орындары үшін жауапкершілік артады деген сөз.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Университет өзінің атымен өзінің репутациясымен дипломға жауап береді. Мысалы, Әл-Фараби университетінің дипломы болса, Сол Әл- Фарабидің, Демирелдікі, сонда жұмыс берушілер университетке қарап, білім сапасына қарап жұмысқа алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы