352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райының тұрақсыздығына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 242
<span class=favorites>Ауа райының тұрақсыздығына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды</span> gornoaltaysk

26  наурызда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жылынуына байланысты және кей жерлерде қарқынды жаңбыр күтілуіне орай мұз жамылғысының бұзылуы, өзен арналарының қысылып, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы мен су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.

26 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде ауа температураларының сақталуына байланысты жергілікті және баурайлы ағындардың қалыптасуы, су деңгейлерінің ауытқуы мен көтерілуі күтіледі. 

26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының жекеленген өзендерінде ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасу, су тасу мүмкін.

26-27 наурызда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жекеленген өзендерінде ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі.

25-30 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жылынуы  мен жауын-шашын күтілуіне байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі мен жайылмалық аудандарға судың шығу қауіпі бар. 

26  наурызда Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) ауа температураларының жылынуының жалғасуына байланысты  мұз кептелісі, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін.

26 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Өскемен: 26 наурызда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90 %

27-29 наурыз аралығында Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) күтілетін жауын-шашын мен  оң мәнді ауа температурасының сақталуына байланысты  мұз кептелісі, су деңгейлерінің көтерілуі, су тасу мен жайылмалық ауданға судың шығуы күтіледі.

26-28 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты кейбір таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мен жайылымына шығуы мүмкін.

27-28 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында оң мәнді ауа температурасы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты су деңгейі көтерілуінің жалғасуы, бүйірлік және жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық ауданға судың шығуы күтіледі.

Ақпарат көзі: emer.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы