352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

  • 1131

Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Бағдарламаны серіктес 7 банк іске асырады. Қазірдің өзінде баспана алуға 3 мың өтініш түскен. 

Бағдарламаға тұрақты жалақысы бар, жеке баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Ал несие алу үшін серіктес банктің біріне барып қажетті құжат тапсыру қажет. Егер банк келісім берсе, баспана бағасының 20 пайыз бастапқы жарнасы төленуі тиіс. Тек сол жағдайда ғана несиені жылына 7 пайызбен 25 жылға беру жөнінде келісімшарт жасалады. Мамандар Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ең жоғары ипотекалық несие 25 млн теңгеге дейін, қалған қалаларда 15 миллион теңгеге дейін берілетіндігін айтты. Ал бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерді «Баспана» ипотекалық компаниясы қаржыландырады. 

Қайрат Алтынбеков, «Баспана ИК» АҚ басқарма төрағасы:

- Несие алу үшін өздеріңізге үй таңдағаннан кейін банкке барып керекті құжаттарды тапсыру қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша 1 трлн теңге несие беру жоспарланып отыр. Бізде қазіргі уақытта ресми сайтымыз жұмыс жасап жатыр. Және Алматы қаласындағы 22-20-25 колл-орталығымызға хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы