Бүгінде ең күрделі деген ғимараттарды көтерудің өзіне аз уақыт кетеді. Оған осы саладағы тауар өндірушілер ұсынған жаңа техникалар мен құрылыс материалдары септігін тигізіп отыр. Тіпті бүгінде сәулетшілер балалар конструкторы секілді материалдармен де жұмыс жасауды қолға алды. Жалпы әмбебап модульдік элементтердің көмегімен тұрғын үй салу мүмкіндігі қандай? Бұл технологиялар мен материалдар несімен тиімді? Ел нарығындағы лего-кірпіштер, қуатты үнемдейтін джамбо форматындағы шынылар, флуоресцентті пигменттер мен түстер өндірісі жайлы толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.