359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий мәртебесінің бекітілуі экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

  • 84
Каспий мәртебесінің бекітілуі экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенция экономикалық мүддеге қатысты сұрақтарды біржола шешуі мүмкін.

Оның ішінде сауда-саттық, транзиттік және кеме тасымалы да бар. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының пікірі осындай. Құжатқа 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінде қол қойылады деп жоспарланып отыр. Талдаушылардың пікірінше, конвенция шалқар көлді мекен еткен тіршілік иелерінен бастап, теңіз қойнауын бірлесе қорғауға мүмкіндік береді.

Санат Құшқымбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Конвенция арқылы инвестиция тартуға болады. Өйткені инвесторлар өздерінің құқығы толық қорғалатын келісімдерге ғана бара алады. Сондықтан бұл Қазақстан мен көрші 4 ел үшін маңызды қадам.

Хабар 24 телеарнасы