352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы ішкі туризмнің дамуына серпін береді

  • 103

ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Руслан Ізімовтың айтуынша, кеше ғана бес мемлекет басшысы қол қойған құжат туризмнің дамуына айтарлықтай серпін беруі тиіс.

Тартымды әрі тиімді бастама қолға алынса, туристер Каспий теңізіне саяхат жасап, бірден бес елді аралап шығады. Ақтау маңы ғана емес, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан және Ресей жеріне барып, бір сапар шеңберінде бірнеше мәдениетпен танысады.

Руслан Ізімов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

- Бұл жоба ел азаматтарымен қатар Еуропа елдерінің туристері үшін өте тиімді. Каспий теңізіне саяхат жасау арқылы 5 мемлекетті аралап шығу көпшіліктің қызығушылығын тудырады деп ойлаймын. Біздің елде ішкі туризм де қарқынды дамиды. Туристер Ақтауға келіп, Қазақстанның құрлықтық бөлігін көру мүмкіндігіне ие болады.

Хабар 24 телеарнасы