356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді

  • 109
Б.Сағынтаев тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді

Бүгін Үкімет отырысында 2018 ж. 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындыларын қарастыру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика, қаржы, инвестициялар және даму, энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің баяндамаларын қарастырған соң Бақытжан Сағынтаев статистикалық деректерге сәйкес жеті айдың қорытындысы бойынша өсім 4% құрағанын атап өтті. Өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейге сай келді.

Алайда белгілі бір өсім байқалғанымен, кейбір жекелеген салаларда өткен жылмен салыстырғанда артта қалу байқалған.

Түсті металдар кенін өндіру бойынша (осы жылдың 7 айында – 103,1%, 2017 ж. 7 айында – 111,5%), металл емес минерал өнімдерін өндіру (осы жылдың 7 айында – 99,1%, 2017 ж. 7 айында – 101,9%), текстиль бұйымдары (2018 ж. 7 айында – 102%, 2017 ж. 7 айында – 123,5%), киім (2018 ж. 7 айында – 99,8%, 2017 ж. 7 айында – 101,1%), тері бұйымдары (2018 ж. 7 айында – 101,6%, 2017 ж. 7 айында – 108,1%), фармацевтика (2018 ж. 7 айында – 98,4%, 2017 ж. 7 айында – 130,8%), сусындар (2018 ж. 7 айында – 99,1%, 2017 ж. 7 айында – 105,8%), мұнай өңдеу (2018 ж. 7 айында – 104,3%, 2017 ж. 7 айында – 106,9%) бойынша өсім байқалмады.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі экономика салаларының бөлінісінде мақсатты бағдарға қол жеткізу үшін қажетті өсім деңгейін көрсетті. Бірақ жеті айдың қорытындысы көрсеткендей, кейбір министрліктер мен өңірлер бұл деңгейге қол жеткізуге ұмтылмайды.

Премьер-Министр әкімдердің ай сайынғы есептерінде белгілі бір өзгерістердің болмайтынын, талдаудың жоқтығын атап өтті. Осы орайда, Бақытжан Сағынтаев инвестициялар және даму, энергетика министрліктеріне, сондай-ақ басқа да салалық министрліктерге және өңірлер басшыларына ел экономикасының өсімін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерге қол жеткізу үшін ай сайын барлық өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде 4% кем емес тиісті өсім болуы тиіс. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, өңірлер әкімдеріне конкурстық процедураларды уақтылы өткізіп, бюджет қаржатын толық игеру үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігіне 9 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген бюджет қаражатын қайта қарастыру тапсырылды.

Бақылау Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Маминге жүктелді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы