359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің VII отырысы өтті

  • 118

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда оң нәтиже байқалады. 

Биылға бес айдың қорытындысы бойынша алыс-беріс өсімі 9,8%. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің VII отырысында мәлім болды. Басқосу аясында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевтің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша алдағы жоспарларын талқылады. Олардың қатарында сауда-экономикалық, инвестиция, транзит-көлік, су-энергетика және туризм салалары бар. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығының 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Үкіметаралық кеңестің келесі VIII отырысы 2019 жылы Бішкек қаласында өтпек.

Хабар 24 телеарнасы