356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Назарбаев университетінде экономиканы әртараптандыру мәселесі жөнінде жиын өтті

  • 89

Қазақстан экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші жеке сектор бола алады.

Технологиялық даму, инновация мен инвестиция осы салаға бағытталуы керек. Азия даму банкінің жетекші экономисі Киёши Танигучи осындай пікірде. Бүгін ол Назарбаев университетінде өткен жиында аталған банктің зерттеу қорытындысын жария етті. Маман «қолға алынған реформаларды жүйелі іске асырсақ, жоғарғы экономикалық өсімге қол жеткізе аламыз» деп санайды. Бұл ретте халықаралық ұйым бізге қолдау білдіруге дайын. Айта кетейік, Азия даму банкі 1994 жылдан бері елдің 5 млрд АҚШ долларынан астам соммадағы қарызын және кепілдігін мақұлдады. 

Киёши Танигучи, Азия даму банкінің жетекші экономисі:

– Экономикалық өсімді қамтамасыз ететін негізгі салалар – инновация мен технологиялық даму. Ол үшін мемлекет осы салаларға көптеп инвестиция тарту үшін қажетті жағдай жасауы керек. Мұндай инвестициялар көбіне жеке сектор тарапынан құйылады. Бұл ретте олардың жұмысына қолайлы болатындай саясат жүргізу қажет. Әсіресе, талай жылдан бері мұнай мен газ секторына тәуелді болып келген Қазақстан экономикасын әртараптандыру маңызды.

Хабар 24 телеарнасы