USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Мексикада жойқын зілзаладан кейін адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Мексикада жойқын зілзаладан кейін адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Мексикадағы күшті жер сілкінісінен кейін үйінділер астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір табиғи апаттан қаза тапқандардың саны 250-ге жетіп отыр. Жергілікті билік құрбандардың саны арта түсетінін айтады. Мысалы ел астанасы Мехикодағы қираған мектепте әлі 20-дан астам бала табылмай жатыр. Опат болған оқушының саны 30-ға жетті. Құтқару жұмысына 700-дей әскери мен маман жұмылдырылған. Жалпы шаһарда 40-тан астам үй мен ғимарат қираған. Ал табиғи апаттан бірнеше аймақ зардап шекті. Зілзаладан 4 миллионнан астам адам жарықсыз қалды. Дүмпуден кейін Попокатепетль жанартауы оянды.

Естеріңізге сала кетейік, Мексикада 7,1 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Пуэбла штатындағы Атенсинго қаласынан 8 шақырымдай жерде тіркелді.

Энрике Пенья Ньето, Мексика Президенті:

- Біз қазір қираған үйлер мен ғимараттардың астында қалып қойған адамдарды құтқарып, оларға дәрігерлік көмек беріп жатырмыз. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Құтқарушылар қолдан келгеннің барлығын жасайды. Зілзаладан жапа шеккендерге көмек беру орталықтары ашылды. Мексика мұндай табиғат апатын бұған дейін де бастан кешіп, сын сағатта бірлік пен ынтымақ танытқан. Сондықтан оның салдарымен қалай күресу керек екенін біледі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде