USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Судандық мигранттар Италиямен соттасып жатыр

  • 202
Судандық мигранттар Италиямен соттасып жатыр

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Судан босқындарының өтінішін қарауды қолға алды.

Осыдан бір жарым жыл бұрын Вентимильяда жаппай тұтқындалғаннан кейін 40 судандық елден баспана сұрау құқығынсыз шығарылды. Полиция қызмткерлері оларды Хартумға дейінгі ұшаққа отырғызып жіберген. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары мұндай жағдайдың бұрын-соңды болмағанын айтып, Еуропалық конвенцияның бұзылғанын алға тартады. Құқық қорғау органдары мигранттардың Судан аймағынан екенін және олар қорғауға үміттене алатынын елемеген. Енді екі айдың ішінде Рим өзінің түсініктемелерін Страсбург сотына жеткізуі тиіс. Егер итальяндық үкімет бұл сот ісінде ұтылса, тек кінәсін ғана мойындап қоймай, мигранттарға келтірілген зиян үшін өтемақы төлейтін болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде