USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Италия нарығында иттер киімінің орны ерекше

Италия нарығында иттер киімінің орны ерекше

«Шерлок» пальтосының итке арналған алғашқы үлгісі осы ательеде тігілген.

Әйелдер киімінің дизайнерлері сатып алушы қыз-келіншектердің иттеріне арнап плащ, күртеше, бешпенттердің тұтас топтамасын жасаған.

Тіпті ісмерлер ұжымының Улиссе атты сүйікті моделі бар, ол әрбір жаңа үлгіні бірінші болып киіп көреді.

Сильвия Радаэлли, киім дизайнері:

- Бірде әзіл ретінде «неге біз әйелдерге киім тігетін маталардан иттерге де тікпейміз» деп айттық. Осы әңгімеден кейін мен Улиссені бірнеше фотоға түсіріп алып, қызық үшін фотоға тік жағалы бомбер «Шерлок» пальтосын салдым. Осылайша бұл топтаманың алғашқы киімдері пайда болды.

Джованна Темеллини, киім дизайнері

- Милан стилі Миландағы әйелдер үшін әдеттегі стиль болғанымен, қазіргі таңда бүкіл әлемге танымал болып отыр. Бұл – киімнің бөлшектеріне, матасына баса назар аударылатын   байсалды, өте талғампаз стиль. Менің әйелдерге арналған топтамам тек осы Милан стилінде тігілді. Оған қызығушылық қашан да жоғары болған. Ал қазір иттерге арнап тігілгендіктен қыз-келіншектер қауымы екі есе құмартып отыр.

«Иттер киімінің сапасы мінсіз болуы тиіс», – дейді дизайнерлер. Бастысы иесі мен төрт аяқтының киімдері өзара мінсіз үйлесуі керек. Мұндай жиынтықты елемей, жанынан өтіп кету қиын.

Блиц:

- Мына киімді киген кез келген ит ең сәнқой ит болады деп ойлаймын. Мұндайларды тек Миланда ғана табуға болатын шығар.

- Бұл киімдер өте сүйкімді. Біз баланы қалай жақсы көрсек, иттерімізге де сондай ілтипатпен қараймыз. Қазір үйге барып, итімді алып келіп, оған пальто сатып аламын. Сатылымда осы тектес киімдер жоқ, иттер киімінің нарықтағы орны енді толды.

Милан сәнқойларының арасында иттерді жақсы көретіндер аз емес. Статистика бойынша, әр үшінші италиялық жанұяның төрт аяқты досы бар екен. Ел ішінде 7 миллионнан аса адам ит асырайды. Итальяндықтардың үй жануарларына күтім жасау шығындары жыл сайын өсіп келе жатыр. Бүгінде ол 2 миллиард еуроға жеткенін ескерсек, қазіргі уақытта дизайнерлерге үлкен нарықтың есігі айқара ашылды.

Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 әлеуметтік желілерде